Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаһан жаңғырығы 3346 0 пікір 28 Наурыз, 2025 сағат 15:21

Ресей Украинаның үш облысына шабуыл жасамақшы

Сурет: golosameriki.com сайтынан алынды.

Ресей Украинаның үш облысына шабуыл жасамақшы – Зеленский.

Украина барлау қызметінің дерегінше, Ресей Украинаның Сумы, Харьков және Запорожье облыстарына жаңа шабуылдар жасауға дайындалу үстінде. Бұл туралы Владимир Зеленский Парижде Еуропа елдерінің басшыларымен өткен кездесуде айтты.

«Ресей келіссөздерді созып, АҚШ-ты өтірік шарттар туралы мән-мағынасыз талқылауларға тартуға тырысып келеді. Осылайша уақыт жағынан ұтып, жаңа жерлерді басып алмақшы. Путин келіссөздерді мықты басымдыққа ие болу арқылы бастауды қалайды. Ол соғысты ғана ойлап отыр», - деді Украина президенті.

Сөзінше, Донецк облысындағы ахуал тұрақтанды. Елдің шығыс бөлігін қорғау мақсатында Ресейдің Курск облысындағы операциялар жалғасып жатыр.

УНИАН-ның хабарлауынша, Зеленский қолдау көрсеткені үшін Франция, Ұлыбритания және басқа да елдерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, 27 наурызда Франция астанасында Украина мәселесі бойынша Еуропа көшбасшыларының саммиті өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2554
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676