Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1081 0 пікір 31 Наурыз, 2025 сағат 18:48

Қарағанды облысы: Жастар белсенділігі – жарық жол...

Сурет: regions.vlast.kz сайтынан алынды.

Еліміздің жастары соңғы жылдары әлеуметтік, саяси және мәдени салаларда өз белсенділігімен ерекшеленуде. Олардың белсенділігі қоғамның қозғаушы күші екені анық. Айталық еріктілік жастар арасында кең таралған құбылысқа айналды. Қайырымдылық, экологиялық акциялар, білім беру жобалары мен ауылды жерлерге көмек көрсету сияқты бастамалар жастар арасында танымал.

Сонымен бірге кәсіпкерлік және инновациялар тұрғысынан да жастар өз күштерін қоғамды дамытуға арнауда. Жастар стартаптар мен IT саласында белсенділік танытуда. Astana Hub және басқа да инновациялық платформалар жастардың жаңа технологиялық жобаларға қатысуына жол ашып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар да жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде.

Ал қазақ жастарының мемлекетіміздің мәдени және шығармашылық даму салаларына да қосқан үлестері зор. Еліміз жастары ұлттық мәдениетті насихаттауға және заманауи өнерге үлес қосуға құлшыныс танытуда. Әлеуметтік желілердегі контент жасаушылар, жаңа толқын ақындары, жазушылар, музыканттар мен киноиндустриядағы жастар қазақ мәдениетін жаһандық деңгейге шығаруға тырысуда.

Ғылым мен білімге ұмтылыс та қазіргі жастар үшін маңызды  қажеттіліктің бірі деуге болады. Мысалы, Халықаралық олимпиадалар, ғылыми зерттеулер, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу – қазақстандық жастардың білімге деген қызығушылығының көрсеткіші. Көптеген жас ғалымдар жаңа зерттеулер жүргізіп, халықаралық конференцияларға қатысуда.

Жастар экологиялық мәселелерге ерекше көңіл аударып, жаңа технологиялар мен экологиялық таза өнімдер өндіру бойынша зерттеулер жүргізуге құлықты. Елімізде климаттың өзгеруі мен су ресурстарының тапшылығына қатысты жобаларға қызығушылық жыл сайын артып келеді.

Қазақ жастарының ғылым саласындағы белсенділігі де жылдан-жылға еселеп артып  келеді. Мемлекеттік қолдау, халықаралық серіктестіктер және жастардың өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысы еліміз ғылымының болашағына оң әсерін тигізуде.

Кешегі Мағжан сенген жастардың ғылымға бетбұруына ықпал ететін маңызды фактор – академиялық мүмкіндіктер екені даусыз. Қазір университеттер жас ғалымдарға көңіл бөліп, олардың PhD бағдарламаларына түсуіне, зерттеу жүргізуіне жағдай жасауда.

Осы бағытта Қарағанды обьлысында атқарылып жатқан шуаралар жөнінде сарапшы Абай Жанатайұлының пікірін білдік. 

Сурет: Автордың жеке альбомынан алынды.

Абай Жанатайұлы Амантай: 

– Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігі жастар белсенділігі болып табылады. Өйткені адами капитал факторын ескеретін болсақ, мемлекеттің келесі даму қадамына өтуіне жастардың үлесі келесі онжылдықтарда сөзсіз ең елеулі орын алатын болады.

Сол себептен де елімізде соңғы жылдары мемлекеттің өмірінде жастарың үлесін арттыру процессі үздіксіз жүргізіліп келе жатыр. Мысалға алатын болсақ, соңғы жылдары жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайтылған болатын. Сонымен қатар, облысымызда жастарға арналған пәтер алуға байланысты бағдарламалар ұлғайтылуда. Және де жастарға арналған қала және облыс әкімі гранттарының арқасында жыл сайын өз кәсібін ашуға немесе дамытуға 65 кәсіпкер шамасында мүмкіндік алып келе жатыр. Осындай жобалар сөзсіз жастар тарапынан қоғамдық өмір секторына белсендірек араласуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 856
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3142
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2148