Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Анық-қанығы 2130 0 пікір 3 Сәуір, 2025 сағат 19:26

Перизат Қайрат ісі: Қылмыстық іс 100 томнан асады

Сурет ratel.kz сайтынан алынды.

"Перизат Қайрат жауап беруден бас тартып отыр"– Қаржы мониторинг агенттігі.

Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Перизат Қайрат өзіне қатысты қылмыстық істе делелдемелер келтіру құқығын пайдаланып жауап беруден бас тартып отыр. Сондай-ақ адвокаттары бірнеше рет ауысты. Қазіргі таңда жаңа адвокатпен жұмыс істеуде. Оған қатысты істе жүзден аса том бар, әр том 180 беттен – деді Жеңіс Елемесов.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі  Перизат Қайраттың әрекеттерінен келген түпкілікті залалдың сомасын атаған болатын.

Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмекке жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548