Дүйсенбі, 7 Сәуір 2025
Жаһан жаңғырығы 210 0 пікір 7 Сәуір, 2025 сағат 15:05

«Демократиядан тарт қолыңды, Трамп!»

Суреттер: dw.com сайтынан алынды.

АҚШ-тың елуден астам штатында өткен ел Президенті Трампқа қарсы наразылық акцияларына ондаған мың адам қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл оқиға Президент Дональд Трамп пен оның миллиардер одақтасы Илон Маскқа қарсы ең ауқымды бір күндік наразылық болмақ.

«Қолыңды тарт!» деп аталатын наразылық акциялары АҚШ-тың барлық 50 штатындағы 1200-ден астам жерінде жалғасты. Оны 150-ден астам азаматтық құқық қорғау ұйымдары, кәсіподақтар, қоғам белсенділері, ардагерлер және сайлау процесін бақылаушылар ұйымдастырған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Вашингтондағы Ұлттық саябақтан басталған қарсылық ереуіліне 20 000-нан астам адам қатысады деп жоспарланған.  Массачусетстегі Бостон Коммонға дейінгі шерулерде наразылар Трамп пен Масктың жұмыс орындарын қысқарту, экономика, иммиграция, жуырдағы тарифтер мен адам құқықтарына қатысты әрекеттерін қатаң сынады.

CNN ақпараттық орталығы бұл туралы былай деп жазды: «Миллиондаған америкалық сенбі күні ел ішіндегі 50 штатта және әлем бойынша Дональд Трамп пен Илон Маскқа қарсы наразылық акцияларына қатысты. Бұл оқиғалар демократияны қолдайтын қозғалыс тарапынан ұйымдастырылып, олар мұны «жаулап алу» және америкалық құқықтар мен бостандықтарға жасалған шабуыл ретінде сипаттады. 1400-ден астам тұрғын «Қолыңды тарт!» атты жаппай наразылық акциясына қатысқан бұл шеру штаттық әкімдіктерде, федералды мекемелерде, конгресс кеңселерінде, әлеуметтік қамсыздандыру штабтарында, саябақтар мен қалалық әкімдіктерде тіпті бүкіл ел бойынша өтті. Ұйымдастырушылар: «Бізді еститіндей жағдай жасаймыз» деді. «Қолыңды тарт!» қозғалысының талабы – «миллиардерлердің билікті тартып алуын тоқтату».

Белсенділердің айтуынша, Трамптың әрекеттері демократияға жасалған шабуыл болып есептеледі. Олар «жұмыс орындарының қысқару, жеке өмірге қол сұғу немесе қызметтерімізге шабуыл салдарынан қозғалып отырсаңыз, бұл сәт сіз үшін» деген ұран тастаған.

Деректерге сүйенсек, 600 мыңға жуық адам осы іс-шараларға қатысуға тіркелген. Бұл қозғалысты «Indivisible» атты ұйым бастаған, олар бүкіл ел бойынша азаматтық құқық ұйымдары, ардагерлер, әйелдер құқықтарын қорғайтын топтар, кәсіподақтар және белсенділерімен бірігіп жұмыс істеген.

Ұйымдастырушылар үш негізгі талап қойған: Бірінші, миллиардерлердің билікті басып алуы мен Трамп әкімшілігінің жымдасқан жемқорлығына тоқтау салу; Екіншіден, Medicaid, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыс істейтін халыққа қажет басқа да федералды бағдарламалардың қаржысын қысқартуға тоқтау; Үшіншіден, иммигранттарға және басқа да қауымдастықтарға жасалатын шабуылдарды тоқтату.

Дайындаған Дүйсенәлі Әлімақын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1561
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4292
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3196