Жексенбі, 18 Қазан 2026
Жаңалықтар 1785 0 пікір 13 Тамыз, 2026 сағат 14:40

Арқалық әуежайына IATA халықаралық коды берілді

Сурет: Қостанай облысының әкімдігінен алынды.

Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әуежайға AYK коды берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.

Бұл бірегей код Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуе билеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.

Код бұған дейін Арқалық қаласының әуежайында қолданылған. Қазір ол қалпына келтірілді. Әуежай 1998 жылдан бері пайдаланылмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1060
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1434