Сейсенбі, 8 Сәуір 2025
Экономика 191 0 пікір 7 Сәуір, 2025 сағат 20:03

Теңге күрт құнсызданды. Мұндайда не істеу керек?

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамы жұма күні 510 теңге болса, бүгінгі сауда сессиясы барысында ол 517 теңгеге жетті.

«Алаңдауға негіз бар ма? Әрине, жоқ. Себебі валюта құбылуы бізде ғана емес, әлемде болып жатыр. Ең бастысы сабыр сақтап, жағдайды бақылауда ұстау керек», дейді эксперт Андрей Чеботарев.

Сонымен қатар, мұндай мезетте есте ұстау керек басты қағида – доллар сатып алудан аулақ болу. Валюта құбылуы кезінде айырбастау бекеттеріне жүгіру – үлкен қателік. Себебі кез келген уақытта валюта динамикасы кері қарай ойнап сала беруі әбден ықтимал. Сондықтан ең абзалы – істің ақырын күту.

Теңгенің бұлай құнсыздануына мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың тамызынан бері алғаш рет барреліне 65 доллардан төмендеп кетті. Соңғы екі сауда сессиясында Brent 11 долларға немесе 14 пайызға құлдыраған.

«Мұнай бағасының кенеттен төмендеуінің басты себебі – АҚШ-тың әртүрлі елден келетін тауарларға кедендік баж енгізуіне байланысты әлемдік экономика өсімінің баяулауы», дейді сарапшылар.

Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1584
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4304
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3211