ХВҚ бюджеттік ынталандыруды жалғастыруды ұсынады
Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Халықаралық валюта қоры экономиканың нақыты қалпына келгендей белгісі көрінбейінше, мемлекет бюджетінің тұрақтылығын сақтай отырып бюджеттен ынталандыра беру керек деп есептейді. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бейсенбі күні қордың сайтында таратқан «Әлем экономикасының болжамы» атты есебінде осындай қортынды жасалған.
«Көптеген елдердегі тапшылыққа және өсіп отырған мемлекеттік қарызға қарамай өсу айқын болғанша бюджеттен ынталандыруды жалғастыра беру керек. Ол аз десеңіз, егер өсу қарқынының азаю қаупі айқын бола бастаса, ынталандыру көлемін арттыру немесе оның мерзім уақытын жоспарланған уақыттан ұзарту қажет болуы мүмкін. Осыған байланысты мемлекеттер қажет болған жағдайда жаңа бастамалар қолдануға дайын болулары керек», - делінген құжаттың орыс тіліндегі мазмұнында.
Сонымен қатар ХВҚ мемлекеттерге өсу кезеңінде бюджетті қысқарту шараларын ойластыруды ұсынады.
Қаржылық реттеу саласында, ХВҚ негізгі проблема ретінде банктердің активтер сапасының нашарлауын айтады.
«...Алдағы екі жылда банктерді қарыздарын өтеу мерзімдерінің шоғырлану белесі күтіп тұр. Ол несиелерді ұзарту қаупін тудырады. Осы жағдайда бар бағдарламаларды ақырындап, мемлекеттік қолдауды азайту үшін нарықтық ынталандыруды пайдалана отырып тежеу қажет», - дейді ХВҚ мамандары.