Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Жаңалықтар 484 0 пікір 20 Қазан, 2026 сағат 14:07

Трамп, Путин және Ши: Үшжақты кездесу бола ма?

Сурет: report.az сайтынан алынды.

Трамп Қытай және Ресей басшыларымен үшжақты кездесу өткізуге қарсы емес екенін мәлімдеді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп қараша айында Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АӨСШК/АПЕК) саммиті аясында АҚШ, Ресей және Қытай көшбасшыларының үшжақты кездесуіне қатысуға қарсы еместігін білдірді. Бұл туралы ол 19 қазанда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

АҚШ басшысы үшжақты саммитті өткізуге әлі нақты ресми келісімін бермегенін атап өтті. Дегенмен, ол Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей Президенті Владимир Путин мұндай келіссөздер өткізуге ықылас білдірсе, «солай істейтінін» жеткізді.

Трамптың айтуынша, бұл кездесудің негізгі тақырыбы үш мемлекеттің ядролық қару-жарақты шектеу немесе одан бас тарту мәселесі болуы мүмкін. Сонымен қатар ол кездесу барысында Украинадағы соғысты реттеу де сөз болатынын тілге тиек етті. АҚШ Президенті мұндай талқылаулардың Украина Президенті Владимир Зеленскийдің қатысуынсыз да өтуі ықтимал екенін де ашық айтты.

Ұсыныс қайдан шықты?

Трамп, Си Цзиньпин және Путиннің үшжақты кездесу өткізу мүмкіндігі туралы алғаш болып The Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазған болатын. Басылымның өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлауынша, мұндай бастама көтерген — Владимир Путин. Ресей тарапы осы кездесу арқылы Украинадағы соғысты талқылап, Мәскеу ұсынып отырған бейбітшілік шарттарына халықаралық қолдау тапқысы келеді.

WSJ мәліметіне сәйкес, Путин бұл ұсынысты Трамппен 9 қазанда өткен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтқан. Кейінірек Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мұндай жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі шынымен де талқыланып жатқанын растады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1130
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1563