Қазақстанда имамдар қанша жалақы алады

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады.
Имамдардың жалақысы қанша?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) алғаш рет имамдарға жалақы 2021 жылы төлене бастағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, дін қызметкерлері ең төменгі жалақы (85 мың теңге) алады.
ҚМДБ өкілдері жалақы ауылдық жерлердегі имамдарға, сондай-ақ медресенің үздік студенттері мен оқытушыларына төленетінін түсіндірді.
Дәйексөз
– 2021 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) кеңейтілген қорытынды жиналысында Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға ең төменгі жалақы мөлшерінде ай сайынғы еңбекақы тағайындалған еді.
2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне дейін өсті. Олардың қатарында өзін өзі қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, медресенің 200 үздік студенті және 132 ұстаз бар. Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның бастамасымен шамамен 800 дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Анықтама
Имам — ислам дініндегі діни жетекші. Ол намаз басқарып, уағыз айтады. Жамағатқа рухани бағыт-бағдар береді.
Abai.kz