Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Дабыл 245 0 пікір 15 Сәуір, 2025 сағат 13:58

Экология министрі Премьер-министрден көмек сұрады

Сурет: Ortcom.kz сайтынан алынды.

«Ормандағы өрт қауіпсіздігін әуеден күзетуге бөлінген қаражат жетпей жатыр». Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осындай мәселе көтеріп, Үкімет басшысынан көмек сұрады.

«Мемлекеттік орман қорының өртке неғұрлым осал учаскелерін бақылау үшiн ұшу уақытының 10 453 сағаттық нормасы белгіленді. Алайда республикалық бюджетте қарастырылған қаржы жеткіліксіз. Құрметті Олжас Абайұлы, осы маңызды мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз», — деді ведомство басшысы.

Министрліктің қосымша берген ақпаратына сенсек, бұл мақсатқа тағы 11 млрд теңге керек.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр. Соннымен қатар орман шаруашылықтарын техникамен жабдықтау бюджеті 5,6 млрд теңгеге қысқарған.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов болса Павлодар және Абай облысында болған табиғи өрт кезінде мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі сақталмағанын сынға алды.

«Өрт сөндіру кезінде шұғыл әрекет етіп, тиісті күштерді жұмылдыру үшін жаңадан мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленген болатын. Алайда биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл алгоритмнің орындалмай отырғанын көрсетті. Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай орын алды», — деді ол Үкімет отырысында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1942
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4756
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3908