Шерзат ісі: Сот Талдықорғанда өтеді (видео)

Бүгін Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты сот отырысы басталды.
Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот кезінде қорғаушылар мен жәбірленушілер тарапы келесі сот отырысы Алматы қаласында өтсе деген өтініш айтты. Қорғаушылар келесі сот отырысы LA-72 мекемесінде өтсе дегенді жеткізді. Алайда сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов сот отырысы Талдықорған қаласында өтетінін айтты.
Шерзат Болат ісі бойынша сот процессі ҚР Жоғары соттың «Youtube» арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.
Еске салайық, Шерзат ісіне қатысты сотталушыларға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Істе 62 том бар. 200-ге жуық куәгер тартылған, 40 сот сараптамасы жүргізілген. 11 күдікті бар.
Қылмыс Талғарда болғанмен сот не үшін Талдықорғанда өткізіліп жатыр деген сұрақ жиі қойылып жатыр. Жоғарғы сот мұны күдіктілердің көбі Талдықорғандағы уақытша қамау изоляторында отырғандығымен түсіндірген.
16 жастағы Шерзат Болат 2024 жылғы 4 қазанда өзінің отбасы жалға алып отырған Талғардағы дүкен маңында қаза болған.
Abai.kz