Алғаш рет Қазақстан бойынша ең ауқымды спорттық жоба Жетісу облысында бастау алды

«Бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының маңызды бағыты» - деп Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасы бойынша Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастамалармен үндесіп жатыр.
2025 жылдың 19 сәуір күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында көптен күткен J LEAGUE жобасының ресми ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.
Шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар мен жас спортшылар бұл бастаманың ауқымына тәнті болды.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.
Жоба аясында 887 команда тіркеліп, 8870 бала қатысуға өтінім берген. Қатысушылар футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.
Жарыстар әр аудан мен қаланың орталықтарында өтеді. Өз аймағында жеңімпаз атанған командалар ақтық кезеңде өнер көрсетіп, шешуші ойындарда Талдықорған төрінде бас қосады. Жексенбі мен сенбі күндері өтетін бұл ауқымды дода – Жетісу өңірі спортын дамытуға бағытталған тың бастамалардың бірі.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасып, балалар спортының жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.
Abai.kz