«Baluan tas» журналистер пулына қосылыңыз...

Сіздерді «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясы жанынан құрылып жатқан журналистер пулына қосылуға шақырамыз.
Біздің мақсатымыз – қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлерін, күштік рухани-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, оны заманауи ақпараттық алаңдар арқылы кең аудиторияға жеткізу. Осы жолда ақпарат құралдарының рөлі – баға жетпес. Қазірдің өзінде жалпыреспубликалық «Қазақ күшінің картасы» және «Күш лекциясы» жобаларының тұсауы кесіліп үлгерді.
Академия аясында өтетін барлық ғылыми, спорттық, мәдени іс-шаралар, этнофестивальдер мен экспедициялар туралы жедел әрі шынайы ақпарат тарату үшін сіздердің кәсіби қолдауларыңыз қажет.
Бізбен бірлесіп жұмыс істеу арқылы:
◉ ұлттық спорт құндылықтарын дәріптеуге үлес қосасыз;
◉ арнайы ұйымдастырылатын іс-шаралар мен экспедицияларға қатыса аласыз;
◉ эксклюзивті материалдар мен сұхбаттарға қол жеткізесіз;
◉ ресми серіктес БАҚ мәртебесіне ие боласыз.
Қосылу үшін: Толық аты-жөніңізді, редакцияңызды және байланыс нөміріңізді [rysbay777@mail.ru электрон поштасына немесе 8 778 442 84 13 байланыс номерінің ватсабына / Арнайы чат ашылады] жіберсеңіз жеткілікті.
Ұлттық рух пен мұраны бірге насихаттайық!
Құрметпен,
Абылайхан Қалназаров,
«Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының құрылтайшысы, күш мәдениетін зерттеуші
Abai.kz