Белгілі журналист Серғазы Мұхтарбеков дүниеден өтті

Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков 65 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабарды Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жеткізді.
«Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков дүниеден өтті. Алла тағала рухын өз панасына алсын!» – деді ол.
Серғазы Мұхтарбеков 1961 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Оның басшылығымен «Қазақстан» газеті елдің ақпараттық кеңістігінде маңызды орын алып, қоғамдық-саяси оқиғаларды белсенді жариялап отырды.
Ол тәжірибелі әрі беделді журналист ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласқан тұлға ретінде есте қалады.
Серғазы Мұхтарбеков кәсіби қызметінің арқасында әріптестері мен оқырмандарының зор құрметіне ие болды. Оның еңбегі Қазақстанда объективті әрі тәуелсіз журналистиканың қалыптасуына зор үлес қосты. Ол басқарған «Қазақстан» газеті бүгінге дейін республикалық басылымдардың алдыңғы қатарында келеді.
Abai.kz