Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3891 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 03:51

Мұғалім тұлға жанының ең тікпіріне үңіле білуі керек – Тасмағамбетов

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қазіргі қазақстандық қоғамдағы мұғалім миссиясы туралы толғанады.

«Кім де кім тұлға дегеніміздің жан дүниесінің түкпіріне үңіле алатын болса, және сәл түзетуді қажет ететінді операця үстелінің қасындағы хирургтан да нәзік түрде түзеп жіберсе - нағыз мұғалім сол. Себебі ол, адамның сыртқы тәнінен күрделі әлемге еніп тұр», - деді ол, жұма күні Астанадағы мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында.

Әкімнің ойынша, әрбір мұғалім – ол дегеніміз қоғамның сенімді өкілі. Себебі оған адам баласы ең қымбатын – балаларын, үміт пен болашақты сеніп тапсырады.

«Ол өз бойына мәдениеттің бар байлығын голограмманың кез келген сынығы іспеттес сіңдірген болуы тиіс, - деп атап көрсетті И. Тасмағамбетов. - Тек сонда ғана мұғалім, білім мен мәдениеттің эстафетасын алып жүруге лайықты үлгі, матрица боларлық құқыққа ие болады. Тек сонда ғана ол өз миссиясын орындай алады».

Сондай-ақ әкім, мұғалімнің бойында болуы тиіс бірқатар қасиеттерді, атап айтқанда, сүйсіпеншілік, қамқорлық, «адамда шексіз дамуға деген талпыныс пен идеалға деген ұмтылыс пайда болатын» жағдай жасай алатын қасиеттер болуы тиіс екенін атап өтті.

«Қуыс кеуделшілік пен жұпыны қызығушылықтың алдын алу, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты, жүректегі қайырымдылықты, сезімнің нәзіктігі мен сұлулығын ояту, ішкі жан дүниені басқара білуге үйрету, социумға табысты сіңісіп кетуіне көмектесу – мұғалімнің маңызды міндеті», - дейді И. Тасмағамбетов.

Сонымен қатар Астана әкімі білім берудің жемісті дамуы үшін екі шарт қажет екенін атап өтті: жақсы материалдық-техникалық база мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігі. Осыған байланысты жергілікті атқару билігімен барлық қажет шаралар қабылданып жатыр.

«Оған мысал, біздің елдегі қазіргі мектептердің бұдан 10-15 жыл бұрынғы мектептерден мүлдем басқа екенін айтсақ жеткілікті. Мектеп сәулетің жаңалығында емес, ең алдымен мұғалімдерге барлық білімін оқушыларға бере алатындай ондағы техникалық новацияда», - деді ол.

Астана әкімі мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап және білім беру мекемелеріне «Үздік мектеп», «Үздік балабақша», «Үздік кәсіи лицей», «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Үздік колледж», «Үздік мамандандырылған мекеме» аталымдары бойынша гранттар тапсырды.

«Сіздердің шәкірттеріңіз әр кез сіздерге алғыс айтып жүрсін, және сіздердің үйреткендеріңізді шебер пайдаланып, сіздерден де асып түссін, өйтпесе болмайды, алға даму болмай қалады. Мың да бір алғыс қымбатты мұғалімдер мен ұстаздар. Шын ықыласыммен іздерді мұғалімдер күнімен құттықтаймын! Мерекелеріңіз құтты болсын қымбатты әріптестер», - деп қотындылады өз сөзін И. Тасмағамбетов, алған білімі бойынша өзі де мұғалім болған соң. Ол Орал педагогикалық институтын «география мен биология мұғалімі» мамандығы бойынша 1979 жылы бітіргені белгілі. 

Одан басқа астана әкімі қаланың 64 мемлекеттік мектебінің сайттарының тұсау кесерінде болып, дарынды балалардың «Зерде» мектебі мен жастарға арналған қазақ-түрік лицейіне барды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттық парақшада айтылғандай, сайттардың бетін жасау және оған қойылатын материалдарды өңдеумен әрбір мектеп өздері жеке айналысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572