Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Еңбек адамы 364 0 пікір 29 Сәуір, 2025 сағат 19:51

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада республикалық форум өтті

Сурет: mezgil.kz сайтынан алынды.

Жұмысшы мамандық иелерін еңбек нарығына бейімдеу, мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейту ертеңге қалдырмайтын маңызды да жауапты іс. Қазір елордада 32 колледж бар. Олар 76 мамандық 126 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүргізеді.

Бүгін Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемлік орталықтың ұйымдастыруымен республикалық форум өтті. Жиынға қатысқан колледж студенттері бизнес өкілдерімен жүздесіп, жұмысқа тұруға ұсыныстар алды.

Колледж студенті Азиз Жұмамұратов қазір 3 курста оқиды. Тура бір жылдан кейін еңбек нарығына жұмысшы маман есебінде қадам басады. Болашағын бүгіннен ойлаған ол форумға кәсіпкерлермен диалог құру үшін арнайы келген. Өйткені бұл жерде қызметке орналасуға мүмкіндік мол,-дейді.

«Менің мамандығым жұмысшы мамандықтар санатына кіретін болғандықтан мен осы форумға келдім. Біз теориялық білімді колледжде алып сол алған білімді осы дуалды оқыту жүйесі арқылы практика жүзінде біз бекіте аламыз. Осы мүмкіндікке мен үлкен қатты ризамын. Себебі бізге өте көп перспективалар ашады», - дейді ол.

Экономиканың негізгі қозғаушы күші – жұмысшы мамандықтар. Ал оларды еңбек нарығына сай бейімдеу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Сондықтан практикалық дағдыларды  арттыруға бизнес өкілдерінің қолдауы аса қажет. Осы орайда бас қосқан бірқатар ұйым басшылары колледждермен мәміле жасап, серіктестік орнатты. Жиынға мыңға жуық адам қатысты.

Сурет: mezgil.kz сайтынан алынды.

«Осы жұмысшы мамандықтар жылының дайындық аясында барлық колледждерімізге модернизациялау жұмысы жүргізілді. Оның аясында барлық техникалық және кәсіптік колледждерге академиялық дербестік берілді», - дейді Есет Байкенов.

Есет Байкеновтың айтуынша, модернизациядан өткен барлық колледждер нарықтағы сұранысқа сай икемделіп, студенттерге оқу бітірмей тұрып кәсіпорындарда жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Жалпы жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада биыл 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарға енді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2536
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5458
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4758