Ресей: Қиыр Шығыс Қытайға жұтылудың алдында тұр...

Қазіргі күндері көрші Ресейдің Қиыр Шығысы мен тұтас Сібір аумағында он төрт миллион адам тұрады. Бұл жақтағы облыстардың деревнялар мен аудандарында, моноқалаларына адам қалмады.
Құлазып, қаңырап, бос тұр. Ұлты орыс тұрғындарының бәрі қашып, осы елдің Еуропалық бөлігіне жиналып алды. Ресейдің қатты қорқып отырғаны да осыдан. Қасында, шекарасы мыңдаған шақырымға созылған, бір жарым миллиардқа таяу жұрты бар Қытай тұр. Оларға, шекара сызығынан бір-екі қадам аттап, ішке кіріп кету, көп қиындық тұдырмайды. Ресей билігі қаңырап, иен қалған осы өлкелерге жіберуге адам таппай қиналуда. Украинамен арадағы соғыстан қашқандай, Қиыр Шығыс пен Сібірге баруға орта жастағылар мен жастар жағы мүлде келіскісі жоқ. Біздің елде, қайта Солтүстік облыстарға Оңтүстіктен барып жатыр. Бұларда, ол да жоқ. Орыс әйелдері кейінгі он жылдан бері, мүлде бала тұмайтын болды. Туу деңгейі өте төмен. Тағы ескертеріміз, Поволжье және Орал тауы өңірлерінде, татары мен башқұрттың, шувашы мен мордвасын, орысын, сондай-ақ тағы басқаларын қосқанда он жеті миллионға жетер- жетпес ел тұрады.
Бұларда да еңбек күші жетпейді. Ресейдің Еуропалық бөлігінде алпыс миллионнан сәл ғана асатын тұрғын бар. Егер, осылардың бәрін қосып есептесең, жүз қырық екі миллион тұрмақ, жүз миллионға жетпейді. Ресей билігі осының барлығын, өте құпия түрде жасырып отыр деп ойлаймыз.
Ресей осынау орасан үлкен аумақтан айырылып қаламыз ба деп қатты үрейленуде. Көршісі Украинамен соғысуға сарбаздары таусылып (техникасы да), аласұрып жатқаны да содан. Кремльдің қазіргі ұстанып отырған сасық саясаты Қазақстан мен Өзбекістан, Қырғыстан және Тәжік пен Түркмен елдерін алдап түсіріп, иелігіне алып, солардың дүркіреп өсіп келе жатқан адам ресурстарын пайдаланбақ. Орталық Азияның халық санымен, Ресейдің тұрғындары теңесуге жақын қалды. Сондықтан солтүстіктегі көршіден қорқып, сескеніп тіптен керегі жоқ. Өздері айтып жүргендей құрып бара жатыр. Қазір олардың экономикасы да санкция шеңберінде біртіңдеп қирау үстінде.
Дегенмен, айтарымыз, мысал ретінде келтірген Ресей секілді азып-тозып кетпеу үшін айналадағы мемлекеттердегі қандастарымызды жтнап алу, елімізді толық қанды қазақ еліне айландыру, сондай-ақ, елдің күш-қуатын арттыру, қазіргі биліктің күнтәртібінен түспеу қажет. Егер өздері айтып жүргендей еститін билік пен үкімен болса дейді.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Abai.kz