Сейсенбі, 6 Мамыр 2025
Маңызды 321 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 18:57

Нағаспаев берген уәде

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында 2035 жылға дейін химия және мұнай-химия саласына 4,8 трлн теңге инвестиция тартылатынын мәлімдеді. Жобалар бар: 49-ы іске асып жатыр екен. Бағыт – айқын: каустикалық сода, фосфориттер, бариттер, көмір химиясы, бәрі бар.

Бірақ басты сұрақ – осы жоспарлар нақты нәтижеге айнала ма?
Әлде бұл да бұрынғыдай жақсы басталып, үнсіз аяқталатын ірі жобалардың тізіміне қосыла ма?

Министр көмір-химия бағытына ерекше үміт артып отыр. Қытайлық CHN Energy және East China Engineering сияқты ірі инвесторлармен келіссөз жүріп жатқанын да айтты.

4,8 трлн теңге – жай ғана көрсеткіш емес. Бұл – экономиканың құрылымын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретін әлеует. Бірақ ол үшін нақты сұрақтарға жауап керек:
– Инвесторлармен қандай шарт қойылды?
– Жобалар экология мен халықтың мүддесін ескере ме?
– Ал біз бұл жолы уәдені іске асыра аламыз ба?..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1614
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1760