Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақстандық астық экспортының қазіргі жағдайы туралы айтты.
Министр бидай мен ұн экспорты жоспар бойынша жүріп жатқанын және шет елдерге жеткізілімдердің ұлғаюы байқалып отырғанын атап өтті.
«Біз Ауғанстанға экспортты төмендеткен жоқпыз, керісінше арттырдық. Өзбекстанға астық пен ұн экспорты артып келеді. Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті. Сонымен қатар біз жаңа нарықтарға жол ашудамыз. Мароккоға 60 мың тонна жөнелтілді, тағы 60 мың тонна жоспарланған. Қазір Вьетнамға 15 мың тоннаны жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Кеше Парсы шығанағына – Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы партияны жібердік», – деді Айдарбек Сапаров.
Abai.kz