Ақтөбе облысында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 12-16 мамыр аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда түсіндіру жұмысын жүргізу және деструктивті діни идеялардың таралуын алдын алу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы – Астана қаласы әкімдігінің діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы, Сандыбаев Жалғас Садуахасұлы – М. Нәрікбаев атындағы университеті Ислам және қазақ құқығы орталығы директорының орынбасары, Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – «Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ психолог маманы, Сәрсенбин Үмбетхан Қуандықұлы – Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі.
Түсіндіру тобының мүшелері Ақтөбе облысы аумағында әскери мекемелер, мектеп, ЖОО мен колледж базасында болды. Олар халық арасында «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылығы», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге көзделген құқықтық жауапкершілік», «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ЖОО мен колледж студенттері мен мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар, медицина мен әскери жұмысшылар, жұмыссыздар және т.б. топтар қамтылды.
Abai.kz