Алматыда Қыз Жібек операсы сахналанды

Алматыда классикалық өнер майталмандарының 120 жылдығына арналған «Қыз Жібек» операсы сахналанды.
2025 жылғы 22 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Қазақстандағы классикалық өнердің негізін қалаған Евгений Брусиловский, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков сынды көрнекті тұлғалардың 120 жылдығына арналған «Қыз Жібек» операсын ұсынды. Бұл тұлғалардың есімдері ұлттық музыка мен театр өнерінің тарихында алтын әріптермен жазылған.

Сурет: Madeniet_aqparat_ministrligi телеграм арнасынан алынды.
Кеш барысында «Қыз Жібек» операсының алғашқы және мыңыншы қойылымынан сирек кездесетін тарихи кадрлар көрсетілді. Театр залында сол аңыз адамдардың дауысы естілді. Кейін олардың ісін жалғап келе жатқан ізбасарлары да сөз сөйледі.

Сурет: Madeniet_aqparat_ministrligi телеграм арнасынан алынды.
Айта кетейік, «Қыз Жібек» қазақтың тұңғыш операсы 1934 жылдың 7 қарашасында сахналанды. Сол қойылымда басты партияларды Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков және Қанабек Байсейітов орындады. Олар спектакльге қатысып қана қоймай, Е. Брусиловскийге қазақ музыкасын меңгеруге көмектесіп, операның негізі болған музыкалық материалды таңдауға ықпал етті. Опера музыкасы түгелдей фольклорға негізделген. Онда елуден астам күй мен ән қамтылып, халық музыкасы мен поэзиясының озық үлгілері жинақталған.

Сурет: Madeniet_aqparat_ministrligi телеграм арнасынан алынды.

Сурет: Madeniet_aqparat_ministrligi телеграм арнасынан алынды.
Қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Кешке мерейтой иелерінің туыстары да қатысты. Ұлттық опера өнерінің тарихи және заманауи мұрасы шырқалып, қойылым барша көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Сурет: Madeniet_aqparat_ministrligi телеграм арнасынан алынды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Abai.kz