Сәрсенбі, 8 Шілде 2026
Жаңалықтар 280 0 пікір 8 Шілде, 2026 сағат 14:50

Қазақстанда игеруге жарамды қанша мұнай қоры бар?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елдегі табиғи газ бен мұнайға ілеспе газдың қорын атады.

 — 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының алынатын мұнай баланстық қорлары 4 млрд 262 млн 584,2 мың тонна болады, оның ішінде А+В+С1 — 2 санаты 850 млн 177,3 мың тонна, С2 — 1 санаты 412 млн 407,0 мың тонна. Баланстан тыс қорлар — 167 млн 150мың тонна, — деді ол.

Мұндағы вице-министрдің «алынатын баланстық қор» деп отырғаны — өндіруге болатыны дәлелденген қордың көлемі. Ал баланстан тыс қор дегені — әзірге игеру экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан тиімсіз қор.

— Бос газдың (табиғи газ) алынатын баланстық қорлары 1 трлн 716 млрд 39,5 млн текше метр және баланстан тыс қорлары 88 млрд 598 млн текше метрі қор есепке алынды. Баланстық қорлары алынатын 259 кен орны бойынша еріген газ (мұнайға ілеспе сұйытылған газ) 2 трлн 74 млн 746,4 млн текше метр қор есепке алынды, — деді Ерлан Ақбаров.

Энергетика министрлігінің ресми мәліметін сүйенсек, Қазақстан былтыр 99,55 млн тонна мұнай өндіріп, 78,7 млн тонна «қара алтын» экспорттаған. 

Abai.kz

0 пікір