Жұма, 30 Мамыр 2025
Жаңалықтар 424 0 пікір 29 Мамыр, 2025 сағат 12:31

Ұлттық асхана мен нутрициология: қазақша дұрыс тамақтану мүмкін бе?

Сурет: SN.kz сайтынан алынды

Сарапшы: Назира Еркебаева —  дәрігер-невропатолог, Coral Club компаниясының wellness-маманы 

Бүгінде адамдар дұрыс тамақтану қағидаттарына көбірек мән бере бастаған кезде жиі қойылатын сұрақтардың бірі: қазақ асханасы «дұрыс тамақтану» ұғымымен үйлеседі ме?   Себебі дәстүрлі тағамдар көбіне тым майлы, ауыр және калориясы жоғары болып көрінеді.   Алайда бұл — тек біздің көретініміздің бір бөлігі ғана.   Назира Еркебаеваның айтуынша, тағамды тек бағалап қою жеткіліксіз, оны мәдени, физиологиялық және нутрициологиялық тұрғыдан түсіну маңызды. 

Қазақ асханасы — жау ма, әлде ресурс па?

Нутрициология тұрғысынан алғанда, дәстүрлі қазақ тағамдары — мүлде зиян емес.   Ет, айран, дәнді дақылдар, қымыз — бұл құнарлылығы жоғары өнімдер, оларды дұрыс қолданған жағдайда денсаулықтың сенімді серігіне айналдыруға болады.   Мәселе тағамның өзінде емес, оны қандай мөлшерде, қаншалықты жиі дайындалатыны мен оның әдісінде жатыр. 

Мысалы, бешбармақты да бейімдеуге болады — қамыр мөлшерін азайтып, ет пен көкөністі көбейту арқылы.   Ал қазы — егер оны мөлшермен тұтынса және сапалы шикізат таңдалса, ақуыз бен майлардың құнды көзі болып қала береді. 

Қазіргі зерттеулер дәстүрлі тамақтану элементтерін сақтау — егер ол физикалық белсенділікпен қатар жүріп, қазіргі өмір салтына бейімделсе — метаболизмге ағымды әсер ететінін көрсетеді. 

Қазақ дастарқанының күші мен әлсіз тұстары неде?

Артық болғанда:

  • Ақуыз, темір, қаныққан майлар (әсіресе етке негізделген рационда);
  • Ферменттелген сусындар түріндегі пробиотиктер - айран, шұбат, қымыз;
  • Тұтас дәнді  энергия көздері (ұн, ботқа, бауырсақтар).

    Жетіспегенде:
  • Көкөністер, жасунықтар, омега-3, D дәрумені, йод
    Рационды теңгерімдеу үшін әдеттегі тағамдарға көкөніс, маусымдық көкөністер, балық және пайдалы майлар бар өнімдерді қосу жеткілікті. Сондықтан Coral Club Coral-Mine өнімін ауыз судың минералдық құрамын жақсарту үшін пайдалануды ұсынады — әсіресе суы қатты әрі микроэлементтерге кедей аймақтарда.

Бауырсақтар және СӨС - үйлеспейді ма?

Көбіне бұл — технология мәселесі ғана. Мысалы:

  • Бауырсақ қамырын тұтас дәнді ұннан әне ашытқысыз дайындау 
  • қуырдақты көкөністермен және духовкада дайындау
  • Мантыны тұтас дәнді ұннан , ішіне көкөністер мен көк шөптерді, мысалы, жусай,  қосып, майсыз етпен жасау.

    «Тамырдан бас тарту емес, рецепттерді бейімдеу маңызды. «Бұл дәстүрді жою емес, оны дамыту», — деп атап көрсетеді сарапшы. 

Ал көшпенділер ше?

Қызығы сол — көшпенді халықтардың тамақтану тәртібі тарихи тұрғыда қазіргі wellness-практикаларға өте ұқсас:

  • Ас қабылдаудың арасындағы ұзақ интервалдар,
  • маусым бойынша тамақтану,
  • қарапайым табиғи өнімдерді тұтыну.

    Бұл интуитивті тамақтану және интервалды ашығу концепцияларымен  үндеседі.

Нутрицолог қандай кеңес береді:

  • Аптасына 2–3 дәстүрлі тағам — жеткілікті. Қалған уақытта - балық, көкөніс, бұршақ тәрізділер.
  • Айран және қымыз - газды сусындардан жақсы. Бұл — тек сергіту емес, бұл ішек микрофлорасына деген қамқорлық.
  • Оған ферменттелген өнімдер мен омега-3 көзін қосыңыз).
  • Қозғалыс — ата-бабамыздағыдай, өмір салтының бөлігіне айналуы керек.

Қорытынды:

Қазақша СӨС - бұл мүмкін.
 Ең бастысы — дәстүрден соқыр түрде бас тарту емес, оны қайта түсіну: рухын сақтау, формасын бейімдеу.  Қазақ асханасы тек дәмді әрі тойымды ғана емес, сонымен қатар пайдалы да бола алады — егер оған саналы көзқарас, мәдениетке құрмет және аздаған нутрициология қоссаңыз.

Abai.kz





 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 3005
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4749