Елімізде экономикалық өсім баяулайды

Қазақстан экономикасының өсім қарқыны биыл яғни 2025 жылы 6%-ке дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Сүлейменовтің айтуынша, өсім болжамының қайта қаралуына бірқатар нақты фактор әсер еткен.
Мұнай өндіру көлемінің артуы, өңдеу өнеркәсібіндегі белсенділік, инвестициялардың тұрақты түрде өсуі және ішкі сұраныстың кеңеюі 2025 жылғы өсімді үдетуге негіз болып отыр, – дейді Сүлейменов ведомствода өткен брифингте.
Алайда 2026 жылға арналған болжам сәл төмендеді – экономиканың өсуі 4-5% деңгейінде болады деп күтілуде. Бұған халықаралық нарықтағы мұнай мен шикізат бағасының әлсіреуі және басқа да сыртқы-ішкі факторлар себеп.
2027 жылға қарай ел экономикасы баяу, бірақ тұрақты өсімге көшеді. Ұлттық банктің болжамынша, бұл кезеңде Үкімет бюджет шығыстарын қысқартып, қаржылық саясатты күшейтеді. Мұндай саясат экономиканы орташа тарихи деңгейге түсіреді.
Abai.kz