Сенбі, 14 Маусым 2025
Маңызды 354 0 пікір 13 Маусым, 2025 сағат 16:06

«Ашық НҚА» порталы: Мүмкіндіктер мен перспектива

Сурет: dknews.kz.

«Ашық НҚА» порталы

Мемлекет пен қоғамның құқық шығармашылығы үдерісіндегі өзара іс-қимыл құралы

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жағдайында азаматтардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, әсіресе нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу процесіне қатысуын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.

Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі ретінде 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Ашық НҚА» порталы (бұдан әрі – Портал) танылады. Ол заң жобалары мен заңға тәуелді актілер жобаларын көпшілік талқылауға ұсынатын алаң ретінде қызмет атқарады және мемлекеттік органдар қызметіндегі жариялылық пен азаматтық диалогты дамытуға ықпал етеді.

Азаматтық белсенділіктің артуы

Соңғы жылдары азаматтардың құқық шығармашылығы қызметіне қатысу деңгейінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Пікір білдіру механизмдерінің жеңілдеуі мен цифрлық платформаларға қолжетімділік азаматтарды ашық талқылауларға белсенді қатысуға ынталандырады.

Статистикаға сәйкес, бір заң жобасына орта есеппен 12 пікір, ал заңға тәуелді актіге – 5 пікір қалдырылады. Кейбір жобалар кең қоғамдық резонанс тудырып, жүздеген пікір мен мыңдаған қаралым жинайды.

Азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін тақырыптарда ең жоғары белсенділік байқалады: денсаулық сақтау (22,9%), экономика (18%), білім беру (8,9%), әлеуметтік қамсыздандыру (7,8%), салықтар мен қаржы (7%).

Пайдаланушылардың пікірлері құқық шығармашылығы процесінің маңызды бөлігіне айналып келеді. Мемлекеттік органдар келіп түскен ұсыныстарды мұқият зерделеп, оларды бекітілген қоғамдық талқылау рәсімдеріне сәйкес жедел түрде қарастыруға тырысады.

Белсенді азаматтардан келіп түсетін бастамалар терең зерттелуімен және орынды, конструктивті ұсыныстарымен ерекшеленеді. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің сапасын арттырып, құқық шығармашылығын қоғамның нақты қажеттіліктеріне жақындатады.

Азаматтармен кері байланыс жай ғана формалдылық емес, құқықтық реттеуді ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік беретін маңызды құралға айналуда.

Порталды және нормативтік базаны жетілдіру

2024 жылы Порталдың функционалы бірқатар жаңартудан өтті:

- заң жобаларына міндетті түрде ілеспе құжаттарды қоса тіркеу енгізілді;

- әзірлеуші орган үш жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, жобаларды талқылау мерзімін автоматты түрде белгілеу және ұзарту тәртібі енгізілді;

- ашықтық қағидаты бойынша қоғамдық кеңестердің ұсынымдары мен сараптамалық қорытындыларды хабарлау және алу тәртібі автоматтандырылды.

Сонымен қатар, Порталда заң жобалары бойынша барлық ғылыми сараптама қорытындылары (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы) мен әзірлеуші органдардың оларға берген негіздемелерін орналастыру функционалы қамтамасыз етілген.

Перспективалар

2016 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта қоғамның нормативтік актілерді талқылауға деген қызығушылығы айтарлықтай артты. Осы кезеңде Порталда заң жобаларын қарау саны 89%-ға, ал заңға тәуелді актілер бойынша – 105%-ға өсті. Пікірлер саны заң жобалары бойынша 378 есе, ал заңға тәуелді актілер бойынша 49 есе артты. Бұл көрсеткіштер Порталдың мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құралы ретіндегі өзектілігін дәлелдейді.

Портал платформасы цифрлық демократия мен «Еститін мемлекеттің» ажырамас бөлігіне айналды. Ол азаматтарға заңнаманы қалыптастыруға қатысу және қоғамда құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілік мәдениетін дамыту мүмкіндігін нақты түрде ұсынады.

Болашақта Порталды одан әрі жетілдіру, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, азаматтардың құқық шығармашылығы қызметіне қатысуын одан да ыңғайлы, қолжетімді және қоғамның қажеттіліктеріне бейімделген ету көзделуде.

Abai.kz

0 пікір