Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 8185 0 пікір 17 Маусым, 2025 сағат 16:02

Израиль Түркияның әуе кеңістігін бұзды

Сурет: Российская газета сайтынан алынды

Израильдің бірнеше жойғыш ұшағы 13 маусымда Иранға жасалған әуе шабуылы кезінде Түркияның әуе кеңістігін бұзған.  

Бұл туралы Hürriyet газетінің шолушысы Ханде Фырат өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Түркияның Әуе күштері израильдік ұшақтарды анықтағаннан кейін бірнеше F-16 ұшағын көкке көтеріп, шекара бұзған ұшқыштарға ел аумағынан дереу шығу туралы нұсқау берген. Ұшқыштар бұл бұйрықты бірден орындаған. Түркия тарапы бұл оқиғаны кездейсоқ жағдай ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар, газет шолушысы Израильдің әскери-әуе күштері көбіне көршілес Сирия мен Ирак аумағы арқылы ұшатынын атап өтті. Сирияда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі болмағандықтан, Израиль тарапынан ешқандай рұқсат сұралмайды. Ал Ирак әуе кеңістігі АҚШ-тың бақылауында және Израильге ашық.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 444
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 416
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 393