Бейсенбі, 19 Маусым 2025
Білгенге маржан 178 0 пікір 19 Маусым, 2025 сағат 13:55

«Мәңгілік» Римнің құлауы

Сурет: realnoevremya.ru сайтынан алынды.

Әрине, бұл арада сөз Еділ батыр туралы болмақ. Әлемдік ғылыми әдебиетте, Аттила аталғанымен, түркі-қазақ тілінде Аттілі –  (Аттылы болуы да мүмкін) деп аталуы тиіс. Ежелгі қазақтар көшпелі халық болған соң, балаларының есімін төрт түлік мал мен ит-құстың атымен атай берген. Бұған таң қалуға болмайды: «Итүрген, «Бөрауыз», «Тұяқ», «Сарыжал», «Нарбұқа», «Кетбұқа», «Қойбағар», «Қозыбақ», қыздарын «Еркетай», «Құлан», «Бөрте», «Бота», «Ақбота» «Нарқыз» өстіп кете береді. Еділ бойындағы (Волга) ғұндардан шыққан соң қазақтар Аттіліні Еділ батыр деп те жалпы түрде атайды.

Өздерін «Күн» немесе «Ғұн» – деп атау сол замандағы көшпелі Алаш жұртында көнеден қалыптасқан Ю.Яко­вецтің «История цивилизации» монографиясында былай дейді: «Их предки были свободными людьми – детьми великих степей, их называли гунны или хунны. Сами они называли детьми Солнца или самим солнцем – Кун, Гун, что по гунский и по казахски означает солнце».

Еділ өзенінің бойынан Кәрі құрлыққа жорыққа шыққан Аттілі (Аттила) жолында қазіргі Русьті кездестірмеген. (Ол кездерде солтүстіктегі көршіміздің мемлекеті тұрмақ, княздықтары да құрылмаған. Ормандарда өз денесінен шығатын зәр суымен (сідігімен) беті-қолын жуып, балық аулап, аңшылықпен айналысып, жабайы түрде күн көрген.

Бұл Еуропа ғалымдарының дәлелдеген шындығы. Бұл дәстүрді олар қазір де ұс­тайды. Денелеріне қотыр шықса немесе бір жерін жырып кетсе, «насыбайларының суын» пайдаланады.

Сонымен, Кәрі құрлық аумағына басып кірген Аттілі (Аттила) бастаған Ұлы жорық Рим империясына оңдырмай соққы берді.

Көшпелі Ұлы қағанаттың күш-қуаты мың жылдық Римді шынымен де шошытып жіберді. Егер орыс тілінде айтатын болсақ, «Рим – вечный город», – был национальной идеей  Римской империи.

Ғұндардың соқ­қысынан кейін, бұл мәтел жайына қалды. Сол бір уақытта Рим империясының қарамағында жүз миллиондай халық болған екен. (Патрик Ховорд. «Аттила-король гун­нов. Человек и миф») Аттіліне қарайтын ғұндар ондай көп емес еді. Бірақ, жауын­гер­­лері соғысқа қабілеті жағынан римдік­терден екі-үш есе асып түсетін. Ат үстінде шебер соғысатын. Рим империясына қа­рай­­тын жауынгерлер көбіне жаяу жүріп плангалық ұрыс жүргізетін. Тек темір са­уытты рыцарлары болмаса. Шауып келе жатқан ғұн сарбазы оларға жақын­дамай-ақ, шалма лақтырып атынан аударып тү­сі­ретін. Қанша ғасырлар бойы Еуропа­ның барлық ұлттарын өзіне бағындырып, олардың санасына «Біз құлдармыз», – деген сөзді сіңіріп, қалыптастырған және жеке халық болып, дербес мемлекет құруды ой - жүйесінен сылып тастаған, бұл империя - орта ғасырдағы ең қатыгез құрылым еді. Адам шошырлық гладиаторлар шайқасын ойлап тауып, кісі қанын судай шашып, өздері содан ләззат алып, адам баласын мазақ қылған бұл көне римляндардың жауыздығын, көшпелі ғұн қағанаты күлін көкке ұшырды. Каталаун жазы­ғын­дағы мың жылда болатын Ұлы шай­қас, тұтас Еуропаның ұлттарын үйін­дегі итіндей үйретіп алған Римді, оңдырмай бүк түсірді. Герман, Пари, Гот, тағы басқа толып жатқан тайпалар мен халықтар өз бостандығын алып кетті.

Осы арада аздап шегініс жасап, мынаны айта кеткенді жөн көрдік: Атақты ғалымымыз Әлкей Марғұлан: «Қозы Көр­пеш – Баян сұлу» дастанының дүниеге келгеніне 4000 жыл болған», – деп жазыпты. Сонда бұл дастан Сақтар заманында туған ғой. Осыған қарап біздің қазақтар Сақ, Ғұн аталып, кейіннен Түркілер және Алаш жұрты болып қазіргі заманға түрлі атаулармен жеткен десек, қателеспеген­ді­гіміз.Сонда Аттілі (Аттила) немесе Еділ ба­тыр қазақтың төл баласы екендігіне жүз пайыз сенуіміз керек қой.

А.Н.Бернштам былай деп жазады: Нақтырақ болсын деп орысша келтірдік. – «Гунны сыграли свою историческую роль приняв участие в крушение огромной многоэтничной и разнородной Рим­с­кой империи, на политической кар­те Евро­пы появились новые государственные образования. Вот в этом то и была главная заслуга гуннов и гения Аттилы перед мировой ци­вилизацией», – дейді.

Аттіліне (Аттила) осыдан бірнеше жылдың алдында 1600 жыл толды. Әлемге әйгілі, тұтас Рим империясын құлатып, ондағы жүздеген ұлттарға бостандық алып берген ұлы хан және батырымызға елімізде ескерткіш монумент тұрғызып, бүкіл әлемге мақта­ныш­пен көрсетуімізге болар еді.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір