Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1371 0 пікір 20 Маусым, 2025 сағат 17:24

ЕҰУ әлемдік университеттер рейтингінде 317-орынға ие болды

Сурет: enu.kz сайтынан алынды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдегі ең танымал университеттер рейтингінің жиырма екінші басылымы бойынша әлемнің жетекші университеттерінің бірі болып танылды.

ЕҰУ өз позициясын жақсартып, әлемдегі ең үздік университеттер арасында 317-орынды иеленді. Университет екінші жыл қатарынан халықаралық бәсекелестік ортада өсу динамикасын көрсетті.

«Жұмыс берушілер арасындағы бедел» және «ПОҚ-студенттер арақатынасы» көрсеткіштері бойынша университет үздік 100-ге енді. Сондай-ақ университет шетелдік оқытушылар мен студенттер үшін де тартымды болып қала береді.

QS аға вице-президенті Бен Саутер:

«Әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен алшақтықты жою үшінқазақстандық университеттер қазіргі заманғы ғылыми күн тәртібіне ықпалынарттыруға, халықаралық зерттеу жобаларына қатысуға және академиялықортадағы беделін одан әрі нығайтуға күш салуы қажет».

QS рейтингі университеттерді 9 критерий бойынша бағалайды: «Академиялық бедел», «Бір оқытушыға шаққандағы дәйексөздер саны», «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Жұмысқа қабілеттілік», «Оқытушылар мен студенттердің арақатынасы», «Халықаралық профессор-оқытушылар құрамының үлесі», «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық», «Халықаралық студенттердің үлесі» және «Тұрақтылық».

Биыл QS рейтингіне 106 елден 1501 жоғары оқу орны, оның ішінде Қазақстаннан 20 университет кіреді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 951
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2447
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637