Сейсенбі, 24 Маусым 2025
Жаңалықтар 76 0 пікір 22 Маусым, 2025 сағат 12:43

Алматыда су ресурстарын сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналғанкездесу өтті

Сурет: elle.com.kz сайтынан алынды.

20 маусым күні Алматыда медиа өкілдері, wellness-сарапшылары мен өнерқайраткерлеріне арналған ашық кездесу өтті. Іс-шара Дүниежүзілік мұхит күніне орайұйымдастырылды. Шараны экологиялық ағартушылық пен салауатты өмір салтыннасихаттау бастамаларын үнемі қолдап келе жатқан Coral Club компаниясы өткізді.

Кездесу бейресми жағдайда өтіп, қатысушылар суды ұқыпты пайдалану, су ресурстарының адам денсаулығындағы рөлі және экологиялық жауапкершіліктің өзектімәселелері туралы ой бөлісті. Дүниежүзілік мұхит күнітабиғат пен су ресурстарынқорғаудың маңыздылығын еске салатын ерекше күн, өйткені олардың жай-күйі адамөмірінің сапасымен тікелей байланысты.

Бағдарламаның негізгі бөлігідәрігер, wellness-сарапшы Әсем Садықованың гидратацияның денсаулықты сақтаудағы рөлі туралы дәрісі болды. Қатысушылар гидратацияның адам ағзасына әсері жөнінде тың ақпарат алып, су ішу мәдениеті мен экологиялық сана қоғамда қалай қалыптасып жатқанын талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты.

Қонақтардың қатарында театр және кино актрисалары Гүлбахрам Байбосынова, Жанель Серғазина, Айдана Сахари, Eurasian Fashion Week жобасының негізін қалаушы Ирина Байжанова, сондай-ақ Marie Claire Kazakhstan, ELLE Kazakhstan, Vintage Kazakhstan және басқа да жетекші қазақстандық БАҚ-тың редакторлары мен журналистері болды.

Мұндай кездесулер медиа, мәдениет, wellness және бизнес салаларының өкілдерін экологиялық жауапкершілік тақырыбы төңірегінде біріктіретін маңызды алаңға айналуда. Урбанизация мен экологиялық сын-қатерлер артып отырған қазіргі заманда әр адамныңкүнделікті дағдылары мен саналы өмір салты қоршаған ортаның жалпы жағдайына елеуліәсер ете алады.

Abai.kz

0 пікір