Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Қылмыс 1634 0 пікір 26 Маусым, 2025 сағат 14:39

Индонезия: екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр

Сурет:stan.kz сайтынан алынды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының ұсталғанын растап мәлімдеді.

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталып, олардан 49 граммға жуық метамфетамин тәркіленген. Күдіктілер есірткі таратты деп айыпталған.

Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

Қазір аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында,
•⁠ ⁠делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Ескерер жайт, ресми Индонезия заңнамасында көзделгендей – есірткіні сақтау және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 484
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1772
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 449
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 425