Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Әне, көрдің бе? 1783 0 пікір 4 Шілде, 2025 сағат 13:07

Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылы билікке келген «Талибан» қозғалысы жариялаған Ислам Әмірлігі Ауғанстанды ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады.

Бұл елдің атын «Талибан» билікке келгеннен кейін өзгерткен болатын. Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде бірде-бір мемлекет Ауғанстандағы талиб билігін ресми түрде таныған жоқ.

Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Путин бұл шешімді сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ұсыныcы бойынша қабылдаған.

Кремльдің бұл шешімі белгілі болғаннан кейін көп ұзамай Мәскеудегі Ауғанстан елшілігінің қызметкерлері ғимараттың балконына шығып, Ауғанстанның туын іліп қойған, деп жазады ТАСС.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 390
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 4585
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 365