Дүйсенбі, 7 Шілде 2025
Апат 153 0 пікір 7 Шілде, 2025 сағат 15:26

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 80-ге жетті

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 80-ге жетті. Олардың ішінде 28 бала бар.

CNN мәліметінше, тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Ең қатты нөсер 4 шілдеге қараған түні Техаста жауған. Салдарынан Гвадалупе өзенінде су тасқынын болды. Су деңгейі небәрі 45 минутта 8 метрге көтерілгені хабарланды. Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында өзен жағасында орналасқан Сamp Mystic христиан қыздар жазғы лагерінің 27 баласы бар.

Жергілікті биліктің мәліметінше, іздеу-құтқару операциясы барысында 850 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілген.

Қайтыс болған және із-түзсіз жоғалған балалар Гуадалупе өзенінің жағасында, Керрвилл маңындағы қыздарға арналған христиандық жазғы Camp Mystic лагерінде демалып жатқан. Олар нөсерден кейін жағадан шыққан.

АҚШ президенті Дональд Трамп оның әкімшілігі штат билігімен тығыз жұмыс істеп жатқанын, оның тапсырмасы бойынша Техасқа АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм барғанын айтты.

Техаста болған Ноэм баспасөз мәслихатында президенттің су тасқыны кезіндегі адамдардың қазасына «қатты есеңгіреп қалғанын» айтты және одан штат тұрғындарына Мелания екеуі қатты қайғырып жатқанын және іздеу жұмыстарын жеңілдету үшін федералды үкіметтің барлық ресурсын беруге дайын екенін жеткізуін сұрады.

Abai.kz

0 пікір