Қазақстан репрессивті елдер қатарына енді

Қазақстан Global Expression Report рейтингінде сөз бостандығы бойынша 121 орында.
Global Expression Report халықаралық сөз еркіндігі рейтінгінде 100 балдың 19-ын иеленген Қазақстан 2025 жылы Еуропа мен Орталық Азияда сөз бостандығы мен ой еркіндігі бойынша ең репрессивті мемлекеттер "in Crisis" ("дағдарыста") қатарына кірді.
Ұйымның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда Қазақстан сөз еркіндігі бойынша өткен жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіш көрсетуін жалғастырып келеді. 19/100 көрсеткіші ел сөз бостандығын басып-жаншудың алдында тұр дегенді білдіреді.
"in Crisis" ("дағдарыста") тобы нені білдіреді?
- Журналистік зерттеулер мен пікір айтқаны үшін қудалау;
- БАҚ құралдарын бақылау және цензура;
- Азаматтық ой еркіндігіне қауіпсіздіктің болмауы
Кейінгі жылы Грузия (16), Молдова (11), Словакия (7) рейтингте бес сатыға құлдыраған. Аймақ бойынша Польша ғана 19 сатыға көтеріліп, ашық елдер қатарына қосылған.
Жалпы алғанда 661 миллион адам сөз еркіндігі шектелген елдерде тұрады. Оның ішінде Қазақстан да бар.
Abai.kz