Жұма, 11 Шілде 2025
Өзекті 208 0 пікір 11 Шілде, 2025 сағат 13:37

Алматыда еңбек мигранттарын даярлайтын орталық ашылды

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Бұл бастама Халықаралық көші-қон ұйымының "Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны бағдарламасы" аясында жүзеге асырылып отыр. 

Алматы облысында шетелде жұмыс істеуді жоспарлап отырған қазақстандықтар кешенді түрде даярлықтан өтеді.

Жаңа орталық шетелде заңды, қауіпсіз және нәтижелі еңбек қызметін атқару үшін азаматтарға қажетті білім мен дағдыларды үйретуге бағытталған. Бағдарлама аясында құқықтық және қаржылық сауаттылық, психологиялық бейімделу, еңбек құқықтары, жұмысқа орналасу тетіктері мен мәдениетаралық коммуникация негіздері қамтылған.

Орталық Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыспен қамту сияқты халықаралық бағдарламаларға қатысушыларды даярлауға ерекше мән беріп отыр.

Бұл жобаны Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі қаржыландырады.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ұлттық көші-қон саясатының негізгі бағыттарымен үндеседі.

Жолдауда шетелдегі азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру және халықаралық деңгейде ұлттық мүдделерді ілгерілету қажеттігі атап өтілген болатын.

Abai.kz

0 пікір