Сәрсенбі, 16 Шілде 2025
Билік 250 0 пікір 16 Шілде, 2025 сағат 10:49

Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов ҚР Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ерлан Дакенов 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті мен Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған.

Ол мәдениет саласында түрлі басқарушылық және шығармашылық қызметтер атқарған. Әр жылдары "Ақ жауын камералық оркестрінің, "Қазақконцерт" ұйымының және Астана қалалық филармониясының басшылық құрамында еңбек етті.

Соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының" бас директоры қызметін атқарды.

Abai.kz

0 пікір