Сәрсенбі, 16 Шілде 2025
Жаңалықтар 260 0 пікір 16 Шілде, 2025 сағат 11:19

Қазақстандықтарға қосымша демалыс берілетін болды

Сурет: stan.kz сайтынан алынды.

2025 жылғы тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Осылайша мемлекеттік мерекеге орай отандастарымыз үш күн қатарынан демалады.

Атап айтқанда:

  • 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түседі. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келсе, демалыс келесі жұмыс күніне, яғни дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады.
  • Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз күндері мен 1 қыркүйекті қоса алғанда қатарынан үш күн демалады.

Сонымен қатар тамыз айында дәстүрлі сенбі-жексенбі демалыстарын есепке алғанда, жалпы 10 демалыс күні болады.

2025 жылғы тамыздағы демалыс күндері:

  • 2–3 тамыз (сенбі-жексенбі);
  • 9–10 тамыз (сенбі-жексенбі);
  • 16–17 тамыз (сенбі-жексенбі);
  • 23–24 тамыз (сенбі-жексенбі);
  • 30–31 тамыз (сенбі-жексенбі).

Abai.kz

0 пікір