Сәрсенбі, 16 Шілде 2025
Абай.tv 243 0 пікір 16 Шілде, 2025 сағат 11:48

Статистика мәселесін пысықтайтын уақыт жетті

Сурет: turaninfo.kz сайтынан алынды.

ҚР Парламенті екі палатасының депутаттары VIII шақырылымның
үшінші сессиясын аяқтады.

Депутаттар бір жылда не тыңдырды, қандай жаңа заңдар қабылдады? Парламент Мемлекет басшысының «Күшті Президент –
ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асыра алды
ма? Бұл сұрақтарға «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жауап берді.

Сұхбат барысында Мәжіліс депутаты МӘМС жүйесіндегі өзекті
мәселелерге тоқталды.

- МӘМС жүйесі бойынша бізде келелі мәселе бар. Статистика
мәселесін пысықтайтын уақыт жетті. Елімізде 11 миллионға жуық
экономикалық белсенді азамат бар, солардың 5,5 млн ғана тұрақты жұмыс
істейді. Қалғандарының тұрақты жұмысы жоқ. Яғни ішінара әртүрлі
жұмыстармен қамтамасыз етілген. Елімізде МӘМС жүйесіне тіркелмеген
3,5 млн халық бар. 2,5 млн азамат – өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз
етушілер. Осылардың барлығымен бізге жұмыс істеу қажет. Ол үшін бізге
ащы да болса, шынайы статистика керек. Бірнеше рет бұл сұрақты
көтердік. Біздің ұсынысымызбен Үкімет басшысы келісті, - деп жеткізді ол.

Елнұр Бейсенбаев Салық кодексін қабылдау кезінде туындаған
талқылауларға да тоқталды:

- Салық кодексіне қатысты өте қызу талқылаулар болды. 300 астам
сарапшы, осы саланың кәсіби мамандары, бизнес саласының өкілдері, қоғам
қайраткерлері атсалысты. Үкімет басында біржақты, өте күшті
позициямен Мәжіліске келді. Табысы төмен азаматтарға да салық салғысы
келді. Бұл орайда Президенттің көмегі едәуір жоғары болды. Ол қосымша
құн салығының пайызын саралау қажет деді. бойынша үкіметтің 20%
позициясы ол өте жоғары. Біз соны негізге ала отырып, қосымша құн
салығын 20%-дан 16%-ға түсірдік.

Abai.kz

0 пікір