Перизат Қайрат ісі: Ғайни Алашбаеваның жағдайы нашарлады

Сол себепті судья сот процесіне үзіліс жариялау туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.
Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сотта айыпталушының анасы – Ғайни Алашбаеваның жағдайы күрт нашарлап, денсаулығы сыр берген.
Осыған байланысты судья сот отырысына үзіліс жариялады.
– Қазір жедел жәрдем қызметкерлері сізге медициналық көмек көрсетеді, – деді судья.
Айта кетейік, сотта ірі көлемдегі қайырымдылық қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сот отырысында бірнеше жәбірленуші жауап берді. Бұл – су тасқынынан зардап шеккендерге ел тұрғындары қаражат аударған үшінші эпизод.
Осыған дейін Перизат Қайрат пен анасының 3,5 млрд теңгені қайда жұмсағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қылмыстық істе 50-ге жуық жәбірленуші бар екені белгілі болды.
Abai.kz