Жұма, 18 Шілде 2025
Жаңалықтар 128 0 пікір 18 Шілде, 2025 сағат 12:21

Қазақстан ресейлік зауытты салудан бас тартты

Сурет: pinterest.com сайтынан алынды.

Қазақстан ресейлік зауытты салудан бас тартты. Ауқымды өндіріс Ақтөбе облысында іске қосылады деп жоспарланған еді. 

LS мәліметінше, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа құрамынан құны 184 млрд теңге болатын жоба алынып тасталды. Ақтөбе облысы әкімдігіндегілер бұл бастапқыда титан-цирконий кендерін өндіру және өңдеу бойынша кен байыту кешенін салу жоспары болғанын атап өтті. Нысанның жалпы құны 184 млрд теңгеге бағаланған. Жобаның бастамашысы — Ресей компаниясы.

– Жобаны жүзеге асыру үшін кен орындарында кен байыту және кейін концентраттарды химиялық комбинаттарда өңдеу жолымен тік интеграцияланған өндіріс құрылуы қажет еді. Алайда бұған дейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары бойынша қосымша зерттеулер қажеттілігіне байланысты жобаны жүзеге асыру белгісіз мерзімге шегерілді, – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Кәсіпорынның қуаттылығы бұған дейін жылына 2,2 мың тонна өнім көлемінде бағаланған. Жоба аясында 600 жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын.

0 пікір