Сейсенбі, 22 Шілде 2025
Жаңалықтар 845 0 пікір 22 Шілде, 2025 сағат 16:01

«Бағанашыл» балалар үйінде тексеру жүргізіледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметіне байланысты жан-жақты әрі объективті қызметтік тексеру жүргізу мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің комиссиясы келді.

Комиссия мүшелері мекеменің тәрбиеленушілерімен, басшылығымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру саласының өкілдерімен кездесті.

Тексеру шеңберінде Президент Әкімшілігінің өкілдері балалар үйінде тұру және оқу жағдайларымен танысып, іргелес инфрақұрылым ғимараттарын тексерді. Қазір көшу туралы шешім қабылдауға байланысты құжаттаманы жинау және талдау жүргізілуде. Жетім балаларға қатысты заңнамада көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.

Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдықпен жүргізіледі.

Abai.kz

0 пікір