Қазақстан мен Өзбекстандағы жалақы

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстанның тек бір ғана өңірі Қазақстандағы жалақымен бәсекелесе алады.
Өзбекстанның статистика комитетінің дерегі бойынша, 2025 жылғы қаңтар-маусым айларында бұл елдегі орташа айлық жалақы 5,9 миллион сом (шамамен 255 мың теңге) болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2% өскен.
КӨШБАСШЫЛАР
- Ташкент қаласы – жалақы көлемі ең жоғары өңір: 10,1 млн сом (шамамен 435 мың теңге, +18,8%).
- Навои облысы – 7,4 млн сом (318 мың теңге, +13,4%).
- Ташкент облысы – 5,6 млн сом (241 мың теңге, +15,3%).
2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 423 133 теңге болды. Бұл үш ай ішінде 2,7% төмендегенімен, бір жыл ішінде 10,7% өскен.
Abai.kz