Бейсенбі, 31 Шілде 2025
Жаңалықтар 407 0 пікір 30 Шілде, 2025 сағат 14:14

Түрмеден босатылғандарға жәрдемақы беріледі

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарды босату биылғы амнистия туралы жарлық аясында жүзеге асты. Конституция күніне орай 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады. 

Ал, бостандыққа шыққан азаматтарға қажетті құжаттар табысталып, әлеуметтік және құқықтық бейімделу бойынша кеңес берілді.

Сонымен қатар қажет болған жағдайда медициналық және әлеуметтік қызметтерге жолдама ұсынылды.

– Түзету мекемелерінен босап шыққан сотталғандарды Астана қаласы әкімдігінің мансап орталығы жұмысқа шақырады. Бостандыққа шыққан беттен бізге келіп, 15 АЕК жәрдемақы алуға болады. Сонымен қатар түзету мекемелерінде жұмыс істеген болса, 6 айға дейін жәрдемақы алуға болады және де біз мамандық бойынша жұмыстар ұсынамыз. Ресми түрде жұмысқа орналастырамыз және де мамандықтары жоқ болса, 4 айлық курстарға жолдаймыз, – деп мәлімдеді "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ халықтың әлеуметтік осал топтармен жұмыс бөлімінің маманы Ақшолпан Асанова.

Abai.kz

0 пікір