Сенбі, 2 Тамыз 2025
Заң және Тәртіп: 368 0 пікір 1 Тамыз, 2025 сағат 13:06

Aлимент төлемейтіндер заңмен жазаланады

Сурет: gov.kz сайтынан алынды

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі олып табылады.

Алматы қаласының Алмалы ауданында ЖСО-ның орындауындағы атқарушылық іс жүргізудегі алимент бойынша берешек сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.

Тексеру, көптеген борышкерлер автокөліктері мен жылжымайтын мүліктерінің болуына қарамастан, сот шешімдерін орындаудан саналы түрде жалтаратынын көрсетті.

Осыған байланысты прокуратураның бастамасымен қаланың Полиция департаментімен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкерлердің 22 автокөлігі ұсталып, айыппұл тұрағына қойылды. Бес іс бойынша мүлік алынғаннан кейін 7 миллион теңгеден астам қарыз толығымен өтелді. Өндірілген қаржының жалпы сомасы 74 млн теңгеден асты.

Жасалған заңбұзушылықтар үшін ең қасақана жалтарғандар жауапқа тартылды, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де.

Олардың біреуі Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған: ол сот шешімін қасақана орындамаған және кірісін жасырған, нәтижесінде 11 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты.

Оған пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге бір жыл жаза берілді.

Abai.kz

0 пікір