Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2164 0 пікір 1 Тамыз, 2025 сағат 15:55

«Таза Қазақстан»: Маңғыстау спортшылары теңіз жағалауын қоқыстан тазалады

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Мемлекет басшысының бастамасымен ел аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1 тамыз күні Маңғыстау спортшылары теңіз жағалауын қоқыстан тазалады. Экологиялық науқан аясында 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Экологиялық іс-шараға 37 спорт мекемесінен 450 спортшы қатысты. Қатысушыларға қалалық әкімдік тарапынан қажетті құрал-жабдықтар берілді.

-Өңір спортшылары тазалық жұмыстарын жиі жүргізеді. Бүгін 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарда бар, - деді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Мангубаев.

Тазалық науқанына қатысқан еркін күрестен Азия чемпионы Маис Алиев барша өңір тұрғындарын теңіз жағалауын ғана емес, қаламызды да таза ұстауға шақырды.

-Біз бұған дейін де спортшылармен, жаттықтырушылармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізгенбіз. Менің ойымша, тазалық әр адамның өзінен басталады. Ақтау - біздің ортақ үйіміз. Барша өңір тұрғындарын теңіз жағалауын ғана емес, қаламызды да таза ұстауға шақырамын, - деді Маис Алиев.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 851
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2239
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 568
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 547