Сейсенбі, 5 Тамыз 2025
Жаңалықтар 99 0 пікір 5 Тамыз, 2025 сағат 12:16

Бәс тігу туралы егжей-тегжей ақпаратты жинайтын жүйе

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды

Қазақстандағы бәс тігу мен ойын бизнесі саласындағы жағдай елеулі алаңдаушылық туғызады. Бұл сала ашық емес операциялардың жоғары үлесімен, көлеңкелі айналымның басым болуымен және әлеуметтік тұрақтылық үшін елеулі тәуекелдермен сипатталады.

Қаржылық мониторинг агенттігі букмекерлердің 21 жасқа толмаған 174 мың азаматтан 36 млрд теңгеге бәс қабылданғанын анықтады. Сонымен қатар, бұл қаражаттың қылмыстық схемаларға қатысатыны белгілі болды. 2024 жылы Қарағанды облысында есірткі заттарын сатудан алынған 60 млн теңгенің букмекерлік кеңселердің шоттары арқылы заңсыз шығарылғаны анықталды.

Көлеңкелі секторды төмендету үшін қаржылық ағындардың ашықтығы қажет, оны бәс төлемдерін «Бірыңғай есепке алу жүйесі»қамтамасыз ете алады. Бәстерді мемлекеттік реттеудің жарқын бірмысалы: Финляндия, Норвегия мен Оңтүстік Корея. Бұл елдердегі бәстерді бақылаудың онлайн жүйесі көбінесе мемлекеттік монополиялармен жүзеге асырылады.

Бірыңғай есепке алу жүйесі – букмекерлер мен олардың клиенттері арасында төлемдер жүргізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ бәс туралы егжей-тегжей ақпарат жинайтын арнайы платформа. Оны енгізу – уақыт талабына сай қажеттілік.

Abai.kz

0 пікір