Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің кездесуінде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда БҰҰ конференциясы делегацияларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты.