Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 1095 0 пікір 5 Тамыз, 2025 сағат 19:06

Алматы қаласының әкімі Катардың Power International Holding инвестициялық компаниясының өкілдерімен кездесті

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Катардың Power International Holding компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар демалыс пен ойын-сауық индустриясы, бөлшек сауда және цифрлық технология салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Power International Holding компаниясының Катарда, Мальдив аралдарында және өзге де елдерде кешенді жобаларды жүзеге асыруда халықаралық тәжірибесі бар. Тараптар Алматының әлеуеті мен қолайлы инвестициялық ахуалын ескере отырып, қалада бірлескен жобаларды іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Дархан Сатыбалды Алматы қаласы еліміздің ішкі жалпы өнімінің төрттен бірін қамтамасыз ететінін және халықаралық бастамаларға ашық екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты ынтымақтастық деңгейінің жоғары екенін және мегаполистің ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

PIH өкілдері өз кезегінде нақты серіктестік бағыттарын пысықтауға дайын екенін білдіріп, Алматыны өңірдегі экономикалық өсімнің негізгі орталығы ретінде жоғары бағалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 219
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 216
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 246