Сәрсенбі, 6 Тамыз 2025
Өзекті 124 0 пікір 6 Тамыз, 2025 сағат 11:47

Суицидке бейім жастар әскерге алынбайды

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды

Қазақстан армиясында PSY-тәуекел жүйесі енгізіліп жатыр. Енді психоэмоционалды ауытқулары бар жастар әскерге шақырылмайды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі — PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді ауқымды енгізу басталады. Инновация жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыруға және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға арналған.

PSY-тәуекел әдістемесін Қорғаныс министрлігінің әскери психологтері әзірледі. Жаңа жоба 2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сәтті сынақтан өтті. Соның нәтижесінде суицидке бейімділік белгілері бар 470-тен астам жас анықталып, олардың бәрі қызметтен босатылды немесе қосымша тексеруге жіберілді.

Жаңа жүйе бастапқы скринингті, терең психологиялық тексеруді және қажет болған жағдайда психиатриялық сараптаманы қамтитын психодиагностиканың көп сатылы механизм саналады. Мақсат – психоэмоционалдық тұрақтылығы әлсіз, яғни әскери қызметке психологиялық тұрғыдан дайын емес адамдарды әскер қатарына алмай, алдын ала анықтау.

PSY-тәуекелді енгізу мәселелері ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының негізгі тақырыбына айналды. Оның құрамына Қорғаныс, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың мамандары кірді.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышевтің айтуынша, бастама Үкіметтің тапсырмасы бойынша іске асырылып жатыр және әскерге шақыру науқаны шеңберінде жүйелі профилактиканың бір бөлігі болады.

— Біз психологиялық тұрақсыздарды електен өткізіп қана қоймай, болашақ әскери бөлімдердің ұжымдарын ықтимал қауіпті жағдайлардан қорғауға тырысамыз. Бұл бөлімшелердегі денсаулық, өмір және моральдық ахуал қатысты, — деді подполковник Арман Қалышев.
Еліміздің барлық өңірінде PSY-тәуекелді кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды. Инновация іріктеу тиімділігін арттырады, армиядағы штаттан тыс жағдайлардың санын азайтып, жас әскери қызметшілердің психикалық денсаулығын нығайтудағы маңызды қадам болады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, дүниежүзі елдерінің арасында Қазақстан суицид саны бойынша өкінішке қарай жетекші орында. Өзіне қол жұмсайтындардың көбі — 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұған дейін Kazinform cуицидтің алдын алу жолдарын зерделеп көрді.

Abai.kz

0 пікір