«JasVibe»: алматылық жастар қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда

Алматы қаласында Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Alma Love» ауқымды фестивалі өтіп жатыр. Фестивальдің ең жарқын әрі креативті жобаларының бірі – «JasVibe» болды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асуда.
Апта бойы арнайы безендірілген көлікпен Jas Almaty маскоты қаланың саябақтарын, қоғамдық кеңістіктерді аралайтын болады. Волонтерлер мен маскот қала тұрғындарын алдағы мерекемен құттықтап, қала тұрғындарына естелік сыйлықтар таратып, қалалық демалыс орындары мен «Alma Love» фестивалінің Гранд финалына билеттер таратуда.
«Біз әрбір алматылық мерекелік атмосфераны сезінсе дейміз. Біздің жоба – адамдарға қуаныш сыйлап, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Біз біркүнмен тоқтап қалмай, осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз», - деді волонтер Елдар Байгабылов.
Айта кетейік, Алматыда Халықаралық жастар күнін мерекелеуге арналған он күндік 3 тамызда басталды. Фестиваль бағдарламасында экологиялық акциялар, спорттық турнирлер, квесттер, жастар мен әлеуметтік жобалар көрмесі, Open Mic форматындағы концерттер, би баттлдары және басқа да іс-шаралар қамтылған.
Фестивальдің Grand Финалы 12 тамызда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Қала қонақтары мен тұрғындарын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен мерекелік концерт пен Алматының белсенді жастарын марапаттау рәсімі күтеді. Кіру тегін.
Abai.kz