Ақын-жазушылар цифрлық дәуірге бейімделсін!

Қазақ тілі құрып барады деп зарлаушы алдымен ақын-жазушылар. Жүрегім ауырады, жаным күйзеледі, ертеңімнен түнілемін …» деп кете береді!!!
Соны шешудің жолы бар!
Қазір цифрлық дәуір. Жасанды интеллект. ЧатGPT тағысын тағылар…
Солар қазақ тілін қоғамдық доменге түскен классикалық шығармалар (мысалы, Абай, Әуезов, Ыбырай, т.б.), лицензиясы бар заманауи мәтіндер, және интернетте ашық тұрған мәліметтерден үйренеді.
Өкініштісі, Цифрлық әлемдегі Қазақ тілін өркендетуге әзірге тек менің әріптестерім Журналистер қауымы ғана ерекше үлес қосуда!!!
Біз жазған-сызғандарымызды толықтай Интернетке саламыз. ЖИ біздің жазбалардан Қазақ тілінде ойлап-жазуды игеруде.
Сірә деймін;
- Тілім деп қазақ тіліне шын жанашыр болар ақын-жазушыларымыз да шығармаларын толықтай ашық Интернетке салуды Ана тілін дамытудағы басты қасиетті парызы дейтін уақыт келді!
- Барлық баспалар да осы міндеттемені, яғни шыққан кітаптарын уорд форматында ашық Интернетке қойса Қазақ тілі өркендер еді!!!
- Себебі бүгінгі ұрпақ бәрін тек Интернет жүйесінен іздейді. Содан оқып-тоқиды. Үйренеді!!!
Балаларымыз қазақша білмейді дейміз???
Өзіміз сол қазаққа ғана керек дүниелерімізді сандыққа салып, балалар үйренуі үшін ашық Интернетке салмаймыз!!!
Қазір қызметке келіп жатөан жастар мәтінді ЖИ көмегімен жазады. Фейсбукке де посттар ЖИ-мен терілетінін көріп жүрміз. Осылай жалғаса берсе Тіліміз “цемент” секілді қатып-семіп қалады. Осы тосқауылдан жеңіп шығу келешек алдыңдағы парызымыз!!!
Неге???
Абай атамыздың мерейтойында осы түйінді мәселені шешуіміз қажеттілік қағидасы!
Қазақ тілі мен Ел ертеңі тағдыры таразыға түскен сәтте, тиын-тебен дейтін Авторлық правоны шешудің жолын ақылдаса отырып реттеуге болады ғой деп ойлаймын!
Не дейсіздер?
Қазақ тілін өсіріп-өркендету өз қолымызда!!!
Цифрлық Ғалам сондай жағдай жасап отыр…
Махат Садық
Abai.kz